Skip links

IMPACTUM!

Дамушы əйелдер, өзгерісті бастаңыз.

Іске қосу күні: 2018 жылғы қаңтар

Сипаттама: “Impactum” жобасы – белсенді, жігерлі жəне қамқор жастардың өзін-өзі дамытуына арналған жобасы болып табылады. Бұл өзін-өзі тануға, қоршаған ортамен үйлесімді болуға, ішкі көшбасшыңды оятуға, белсенді болуға жəне өзінің жеке əлеуметтік жобасын іске асыруға мүмкіндік. Біздің қоржынымызда 50 студент оқуын бітіріп, қарттармен жұмыс жасау, кибербуллинг (адамды интернетте, мысалы əлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау) жəне өзін-өзі дамыту, экология бойынша өздерінің жеке жобаларын жасады.

Жобаның ұзақтығы 8 ай

Жоба компоненттері:

  1. Əлеуметтік-эмоциялық оқыту. Бұл студенттерге жеке басын дамытуға жəне қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге көмектесетін əртүрлі тақырыптарға арналған 12 тренинг.
  2. Жобалық менеджмент. Студенттер жобаларды басқару бойынша қарқынды курстан өтіп, нағыз жоба менеджері атанады. Олар өз басына келген идеяларын əлеуметтік пайдалы бастамаға қалай айналдыруға болатындығын білетін болады. Студенттер қазірдің өзінде қоғам мен қаланың заманауи сын-қатерлеріне шешім табуға үлес қосуда.
  3. Өз жобаларын іске асыру. Студенттер “Impactum” жобасының бүкіл командасының қолдауымен біреуге немесе бір нəрсеге көмектесетін деңгейдегі өз жобаларын жасауға ерекше мүмкіндікке ие.

Қолдаушы серіктестер – Talgo Қоры (Испания), Renovabis Қоры (Германия), WONDER Қоры(Ұлыбритания).

Бізге жазылыңыздар! : impactum_kz

Достарыңызбен жəне əріптестеріңізбен бөлісіңіз!:

Return to top of page