
БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстандық Мәдени Әлеуметтік және Білім Беруді Дамыту Қоры (ҚМӘББДҚ) – әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру арқасында әйелдердің дамуына жәрдемдесу мақсатында 1999 жылы желтоқсанда Алматы қаласы, Қазақстан Республикасында құрылған бейкоммерциялық ұйым. КФКСОР қоры әртүрлі салалардағы оқу бағдарламалары арқылы қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлін нығайтуға ұмтылады. КФКСОР құрылған күннен бастап мемлекеттік органдармен, бейүкіметтік ұйымдармен және жеке компаниялармен бірлесіп жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болды. Біздің әлеуметтік өзгерістерді ынталандыру жөніндегі күш-жігеріміз үш негізгі бағытты қамтиды: білім беру арқылы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік жауапкершілікті ілгерілету және азаматтық белсенділікті арттыру.
БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
позитивті ойлау
Біз әйелдердің қабілеттері мен әлеуетіне аса назар аударамыз. Сонымен қатар қазіргі қоғамда сенімді қарым-қатынас құрып, оны нығайтатын адамзатқа шексіз сенім артамыз.
ақпейіл мен адалдық
Біз дәйекті, адал және шыншыл болып, әрқашан бенефициарларымыздың мүдделеріне сай әрекет етуге ұмтыламыз.
тұрақты өсу
Ортақ мақсатқа жетер жолында бірлесіп, тәуекелге бел бууп, өзімізді сынауға қорықпаймыз.
іске берілгендік және беріктік
Өз ісімізге ынта-жігермен құмарлыққа толымыз. Сондықтан әрдайым өзімізді жетілдіре тұра, білім, білік және дағдыларымызбен бөлісуге тырысамыз.
жауапкершілік
Әр шешіміміз бен іс-әрекетімізге жауапкершілік аламыз.
Біздің команда

Мария Хавьер
Президент

Мила Панкратова
Жоба үйлестірушісі

Мария Асинская
Оқыту бойынша маман

Мерей Абылгазина
Жоба үйлестірушісі

Айгерим Кубеева
Операциялық менеджер

Сабина Сартова
Жоба үйлестірушісі

Сая Аманкельдиева
Жоба үйлестірушісі
