Skip links

KUMBEL LAB kaz

KUMBEL LAB

Таланттарды ашамыз. Әйелдерді дамытамыз.

Басталған уақыты: Наурыз 2022 жыл

Қазіргі кезең: Қазан 2026 – Маусым 2027

Бағдарламаның мақсаты

Бұл бағдарлама ақпараттық технологиялар (IT) саласында мансап құруды армандайтын Алматы колледждерінің студент қыздарын қолдауға және олардың қанат қағуына бағытталған. Біз басты назарды тұлғалық дамуға аударамыз: қатысушылар кәсіби, техникалық және икемді дағдыларды (soft skills) меңгере отырып, өздеріне деген сенімділікті арттырады және ішкі әлеуетін ашады.

Бағытталған аудитория

Курс IT саласына жаңа қадам басқан мамандарға – Алматы колледждерінің мобильді бағдарламалаудан (разработка) тәжірибесі жоқ немесе мүлдем аз студент қыздарына арналған. Біз мобильді әзірлеме мен заманауи AI (жасанды интеллект) құралдарын үйренуге шын ықыласы бар оқушыларды іздейміз. Бағдарламаға 30–40 қатысушы іріктеліп, екі топқа (таңғы және күндізгі) бөлініп оқиды.

Бағдарламаның құрылымы мен оқу жоспары

Ұзақтығы: 9 ай

Форматы: офлайн, КИМЭП университетіндегі практикалық сабақтар, аптасына 3 ретке дейін

Оқыту тілі: орыс тілі, қазақ тілі

Бағдарлама екі параллель тректен тұрады:

1-трек — Мобильді әзірлеме (16 блок)

1-бөлім — Flutter негіздері:

  1. Кіріспе, құралдарды орнату
  2. Бір сағатта Dart тілі
  3. Виджеттер
  4. Күй және оны басқару (BLoC/Cubit)
  5. Навигация және GoRouter
  6. Желімен жұмыс, Dio, репозиторийлер
  7. Архитектура (Clean Architecture)
  8. Firebase негіздері (Authentication, Firestore, push-хабарландырулар)

2-бөлім — AI-first әзірлеме:

  1. Әзірлеу парадигмасының өзгеруі
  2. Spec-Driven Development (Техникалық сипаттамаға негізделген әзірлеме)
  3. CLAUDE.md және агент жады
  4. Skills — дайын шешімдер мен рецепттер
  5. AI-first workflow (Жұмыс үрдісі)
  6. Қажет құралдар: Claude Code, MCP
  7. AI-әзірлеменің жасырын қиындықтары мен тұзақтары
  8. Финалдық жоба

2-трек — Икемді дағдылар (6 блок)

  1. IT-дегі коммуникация принциптері (10 сағат)
  2. Тайм-менеджмент (4 сағат)
  3. IT-дегі жұмыс форматтары (12 сағат)
  4. Эмоционалды интеллект пен эмпатия (8 сағат)
  5. Мансаптық бағдарлау (8 сағат)
  6. Көпшілік алдында сөйлеу және питчинг (4 сағат)

Технологиялық стек

Flutter, Dart, Firebase, Figma, AI-агенттер (Claude Code, Cursor, GitHub Copilot және т.б.), Zoom (қосымша сессиялар), Telegram (байланыс).

Менторлардың рөлі

Менторлар әр қатысушыға жеке қолдау көрсетеді. Олар тікелей араласу және жобаларға көмектесу арқылы қыздардың оқу үлгерімін жақсартуға септігін тигізеді.

Финалдық жоба

Әрбір қатысушы жеке техникалық сипаттама бойынша өз мобильді қосымшасын дербес жоспарлайды, AI-агенттің көмегімен әзірлейді және оны сәтті қорғап шығады.

Оқу нәтижелері

Бағдарламаны аяқтағаннан кейін Kumbel LAB қатысушылары:

  1. Flutter және Dart негіздерін меңгеріп, мобильді қосымшаларды өз бетінше жаза және іске қоса алады;
  2. Қосымшалар архитектурасының базалық принциптерін (Clean Architecture, BLoC/Cubit) түсінеді;
  3. Желілік сұраныстармен, деректерді жергілікті сақтаумен және Firebase жүйесімен жұмыс істеуді үйренеді;
  4. Spec-driven development принципі бойынша әзірлеуге арналған AI-құралдар мен агенттерді меңгереді;
  5. Жеке мобильді жобасын өз бетінше жоспарлап, таныстыра алады;
  6. Командада жұмыс қарым-қатынасын құруды, кері байланыс беруді және қабылдауды үйренеді;
  7. Жобалық жұмыста тайм-менеджмент пен жоспарлау дағдыларын игереді;
  8. Эмоционалды интеллектті дамытып, командада бір-біріне қолдау көрсетуді үйренеді;
  9. Мансаптық мақсаттар қоя алады, «өзін-өзі алдаушы» синдромымен (синдром самозванца) күресуді және өзін сенімді таныстыруды (самопрезентация) меңгереді.

Серіктесіміз: КИМЭП Университеті

Бізге жазылыңыз! : kazfond_edu

Return to top of page