ОРКЕНДАРИУМ
Әлеуетті ашамыз. Әйелдерді дамытамыз.
Іске қосылған жылы: 2025
Мақсатты аудитория: өз ісін бастағысы немесе дамытқысы келетін Алматы қаласы мен оның маңайындағы әйелдер мен аналар
Жобаның мақсаты: Örkendarium — оқыту, тәжірибе және қауымдастық қолдауын біріктіретін білім беру бағдарламасы. Біз қатысушыларға идеяларын нақты іске айналдыруға және алғашқы қадамдарын сенімділікке айналдыруға, кәсіпкерліктің негіздерін меңгеруге, жаңа нәрсе байқап көруге және өз қарқынымен жылжи отырып, ортақ құндылықтағы адамдарды табуға көмектесеміз.
Атауы туралы: Атау қазақ тіліндегі өркен сөзінен туындайды — өсу, алға жылжу. Örkendarium — бұл өсу адамдарды біріктіретін және қауымдастықтың білімі мен тәжірибесі сияқты жинақталатын кеңістік.
Бағдарлама құрылымы:
- I деңгей «Сеніммен старт» — жолын жаңа бастағандарға арналған: кәсіпкерліктің негіздері, коммуникация, цифрлық құралдар және AI.
- II деңгей «Көшбасшылық арқылы өсу» — тәжірибесі бар қатысушыларға арналған: бизнесті басқару, қаржылық жоспарлау, ілгерілету және көшбасшылық.
- Тәлімгерлік бағдарлама — тәжірибелі кәсіпкерлер мен мамандардың қолдауы.
Өткен маусымның нәтижелері (2025): 246 өтінім · 60 әйел оқудан аяқтадыі · 37 бизнес-идея әзірленді · қатысушылардың 92%-ы бағдарламаға риза.
Марапат: 2025 жылы бағдарлама Kazakhstan Growth Forum серіктестік платформасы ұйымдастырған «Айқын» Social Impact Awards сыйлығының «Білім беру» номинациясында бірінші орын алды. Жоба Қазақстанның 18 өңірінен қатысқан 104 әлеуметтік жобаның ішіндегі үздіктердің бірі деп танылды.
Серіктестер: Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі, Social Impact Awards, Kazakhstan Growth Forum
Бағдарлама туралы толығырақ және өтінім беру →
Бізге жазылыңыз!
: kfcsed










