Skip links

КҮМБЕЛ

КҮМБЕЛ

Шеберлікті арттырамыз. Әйелдерді дамытамыз.

Басталған уақыты: қаңтар 2012 ж

Жобаның мақсаты: Жоба ТжКБ мекемелерінде оқитын және қонақжайлылық саласында мансап құруға мүдделі қыз-студенттерді қызықтыруға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, өзіндерін дамытуға бағытталған. Бағдарлама аясында студент қыздар кәсіби, әлеуметтік және психологиялық дағдыларды игере отыра, өз-өздерін бағалап, сенімділіктерін арттыра алады.

Нысаналы топ: Алматы қаласында қонақжайлық саласында маманданған кәсіптік колледжінің 16-21 жас аралығындағы студенттері. Бұл жоба нысаналы топтың әртүрлі ұмтылыстары мен мақсаттарын ескеруге және оларды тиісті мазмұнмен қамтамасыз етуге бағытталған. Нысаналы топтың мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, бірі қонақжайлық саласында мансап құруға ұмтылса, кейбіреулері  қонақ үй менеджері, аспаз немесе іс-шараны жоспарлаушы болғысы келсе, басқалары жай ғана құнды дағдылар мен білім алуға ұмтылуы мүмкін. Ең бастысы  студент қыздар қонақжайлық индустриясына, соның ішінде қонақжайлықты басқару, аспаздық өнер, іс-шараларды жоспарлау, туризм және тұтынушыларға қызмет көрсету сияқты салаларға шынайы қызығушылық танытулары керек.

Жоба құрылымы:

Бағдарлама ұзақтығы: 9 ай

Модульдер:

  • “Мейрамхана” модулі (50 сағат)
  • “Қонақ үй” модулі (50 сағат)
  • Өзін-өзі бағалау (10 сағат)
  • Мотивация және жауапкершілік (10 сағат)
  • Мақсат қою (8 сағат)
  • Сыни тұрғыдан ойлау (8 сағат)
  • Тиімді байланыс (8 сағат)
  • Топтық жұмыс (8 сағат)
  • Эмоционалды интеллект (8 сағат)

Тәлімгерлердің рөлі: Тәлімгерлер студенттердің күшті және әлсіз жақтарын, жетілдіруді қажет ететін салаларын анықтауға көмектеседі.Сонымен қатар, оларға кәсіби дағдыларды дамыту, мақсат қою және жеке даму жолында кеңес беріп бағаттайды.

Қорытынды жоба: Қонақжайлылық саласындағы білім беру бағдарламасы бойынша алған білімдерін пысықтап, дағдылары мен шығармашылық қабілеттері мен жетістіктерін паш ету.

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері

  1. HoReCa саласы, оның құрылымы, тенденциялары, қиындықтары және мансаптық мүмкіндіктері туралы толық түсінік алу;
  2. Қонақ үй бизнесін басқару принциптерін, соның ішінде фронт-офистің, хаускипингтің, тамақтану және сусындар бөлімінің, сату және маркетинг бөлімінің жұмысын түсіну; 
  3. Қиын жағдайларды шешу, қақтығыстарды шешу және HORECA индустриясында тез шешім қабылдау үшін бейімделу және проблемаларды шешу қабілеттерін дамыту және қолдану;
  4. Жеке қасиеттерді – күшті және әлсіз жақтарды, эмоциялар мен ынтаныі тану және басқару арқылы өзін-өзі тану мен өзін-өзі реттеуді дамыту;
  5. Өз қабілеттеріңізге, идеяларыңызға және шешім қабылдау дағдыларыңызға сенімділікті арттыру, өз-өзіне деген сенімсіздікті жеңу және өзіңіз туралы жағымды түсінік қалыптастыру;
  6. HORECA ортасында әріптестермен, басшылармен және клиенттермен тиімді қарым-қатынас жасау үшін топтық жұмыс, өзін-өзі таныстыру, көпшілік алдында сөйлеу және қарым-қатынас дағдыларын дамыту және қолдану;
  7. Негізделген шешімдер қабылдау үшін логикалық пайымдау мен сыни ойлау дағдыларын қолдану;
  8. Өзгермелі жағдайларға бейімделу және кедергілерді жеңу үшін сыртқы әсерлерге төзімділік дағдыларын дамыту және қолдану; 
  9. Өсу менталитетін дамыту, оны қолдану және үнемі ізденісте болу;

Серіктестер: Novotel City Hotel Almaty, Rixos Almaty, Grand Hotel Tien Shan, The St. Regis Astana, Swissotel Wellness Resort Alatau Almaty, METRO, Kenwood, Kalipeh Guesthouse (Германия).

Бізге жазылыңыздар! : kumbel_kz

Return to top of page