Skip links

Ресми хабарлама

Қор өз атын заңсыз пайдаланып, үшінші тұлғалар тарапынан жасалып жатқан алаяқтық жағдайлар туралы хабарлайды.

Қор брокерлік, инвестициялық немесе қаржылық қызметпен айналыспайды, табыс алуға қатысты қызметтерді ұсынбайды және инвестициялық кеңес бермейді.
Қордың қызметі тек қайырымдылық мақсатта жүзеге асырылады.

Егер сізге Қордың атынан хабарласып:

  • ақша салуды,
  • табыс уәде етіп қаржылық қатысуды,
  • құнды қағаздар немесе криптовалюта сатып алуды,
  • пайда табуды,
  • жеке немесе қаржылық деректерді беруді ұсынса,

мұндай әрекеттердің алаяқтық екенін хабарлаймыз.

Қор ешбір тұлғаға немесе ұйымға инвестициялық немесе қаржылық ұсыныстар жасауға, сондай-ақ Қордың атынан әрекет етуге өкілеттік берген жоқ.

Қауіпсіздігіңіз үшін келесіні ұсынамыз:

  • мұндай байланысты дереу тоқтату,
  • жеке және қаржылық деректерді бермеу,
  • үшінші тұлғаларға ақша аудармау.

Бұл хабарлама азаматтарды қорғау және Қор қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жарияланып отыр.

Return to top of page