
Францияның дәм-тұзын ала отыра Қазақстан қыздарының дамуына өз үлесіңізді қосыңыз
Бізбен бірге ұмытылмас атмосфераға еніп, француз кешіміздің ерекше таңдаулы тағамдарынан ләззат алуға шақырамыз!
Елестетіп көріңіз: нәзік француз тағамдары, керемет шарапқа толы бокалдар романтикалық әуен.
Бірақ біздің іс-шарамыз мұнымен бітіп қана қоймайды!
Бұл кешкі ас Қазақстан әйелдерінің дамуына және қолдауына қызығушылық танытқан әрбір адамға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Өзгерістер мен қиындықтарға толы қазіргі заманда білім мен дағдылар барлық кедергілерді жеңуге тырысатын жас әйелдердің тірегі ретінде маңызды рөл атқарады. Біз олардың таңдаған жолдарын бірге жарықтандыра аламыз. Әйелдердің біліміне үлес қосу – біздің қоғамның әл-ауқатына салынған инвестиция.
Сізді іс-шарамызға қосылуға шақырамыз, себебі, сіздің қатысуыңыз қыздар үшін де, біздің ортақ болашағымыз үшін де үлкен маңызға ие!
KФКСОР қоры үшін қайырымдылық гала-кеші
- Күні: 06.06.2024
- Уақыты: 19:00
- Мекенжайы: Calypso залы, Novotel Almaty City Center
- Бағасы: 40 000 теңге
- Дресс-код: Франция элементтері
Сізді асыға күтеміз!
Жиырма жылдан астам “Қазақстандық Мәдени, Әлеуметтік және Білім беруді Дамыту Қоры” Қоғамдық Қорында біз әйелдерге өз әлеуетін ашуға, армандарын жүзеге асыруға және шабыттандыратын көшбасшы болуға көмектесіп, оларды қолдауға өз күшіміз бен ынта-жігерімізді құмарлықпен бағыттаймыз.
Әйелдерді дамыту. Қоғамды дамыту.
2012 жылдан бастап 600-ден астам қыз біздің әлеуметтік бағдарламаларымызға қосылып, өздерінің кәсіби даму жолына түсіп қана қоймай, жарқын болашағына бағдар қоя алды. Жоғары білікті жаттықтырушылар мен психологтардың, сондай-ақ 350 арнайы маманнан тұратын тәлімгерлер қауымдастығының қолдауымен біздің түлектер өз өмірлерінің қозғаушы күші мен үлгісіне айналды.
Сонымен қатар, соңғы онжылдықтарда біздің күш-жігеріміз 110 кәсіптік техникалық білім беру оқытушыларын дайындауға олардың тұлғааралық және педагогикалық дағдыларын дамытуға бағытталған болатын. Олардың бәрі – барлығымыз үшін жарқын болашақ құратын өзгеріс сәулетшілері.
Біздің бағдарламалар Қазақстанда қыздар мен оқытушылардың әлеуетін дамытуға қалай көмектеседі?
Біздің жобаларымызға кәсіби-техникалық оқу орындарының қыздары мен оқытушылары қатысады. Көбінесе бұл 16 мен 21 жас аралығындағы қонақжайлылық, IT және цифрлық маркетинг сияқты түрлі салаларда білім алатын студенттер. Олар қателіктерден қорқу, өзіне сенімділік пен тәуелсіздіктің болмауы, жақындарының қолдауының жоқтығы уақытты басқарудағы қиындықтар, мотивация мен мақсаттардың болмауы секілді көптеген қиындықтармен бетпе – бет кездеседі.
Сонымен қатар, оқытушылар кәсіби шаршау қаупіне, қиын жұмыс жүктемесіне, қолдаудың жетіспеушілігіне және кәсіби дағдыларын дамытуға уақыт жеткіліксіздігіне тап болады.
Ұлттық Статистика Бюросына сәйкес Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім мен оқытуды ұсынатын 711 тәуелсіз ұйым жұмыс істейді. Бұл оқу орындарына баратын студенттердің жалпы саны 548 000 құрайды, олардың 48,1% – қыздар. 2023-2024 оқу жылында осы оқу орындарында оқитын қыздардың саны алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 4% өсті.
Біздің Қор әлеуметтік білім беру жобалары арқылы өз күш-қуатын қыздар мен оқытушыларға көмектесуге бағыттайды. Біз оларға кәсіби дағдылар бойынша тренингтер ғана емес, сонымен қатар, қарым-қатынас, өзіне сенімділік, эмоционалды интеллект, мақсат қою және уақытты басқару секілді икемді дағдыларды дамытуға қолдау көрсетеміз. Біздің бағдарламалар теориялық және практикалық оқытуды қамтиды, әлеуметтік тәуекелдерді қыскартып қатысушыларымыздың жеке және кәсіби өсуі үшін қолайлы жағдай жасайды.
Біздің мақсатымыз – тек білімді жеткізу ғана емес, сонымен бірге, қыздар мен оқытушылар өз әлеуетін ашып, өз салаларында жетістікке жете алатын тұрақты және қауіпсіз ортаны құру.

Қайырымдылық қаражат жинауға қатысуыңыз жас қыздардың өмірін өзгертуге қалай көмектеседі?
Біз Сізді бізге қосылуға және жасөспірім қыздарды қосымша білім беру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге көмектесетін маңызды іс-шараның бір бөлігі болуға шақырамыз. Жиналған қаражат қыздарға арналған шәкіртақыға бағытталады. Келесі жылы біз Алматы колледждерінің студенттеріне орыс немесе қазақ тілдерінде жылдық бағдарламаларға 150 шәкіртақы беруді жоспарлап отырмыз, ал олардың көпшілігі ауылдық жерлерден білімге ізденіспен келеді.
Қайырымдылық гала-кеші – бұл қоғамның дамуына үлес қосу және жас дарындарға қолдау көрсету мүмкіндігі. Осы іс-шараға билеттерді сатып алу немесе демеуші ретінде әрекет ету арқылы сіз қазіргі уақытта әлемге қажет игілікті көрсетесіз. Егер сіз қатыса алмасаңыз, сіз әрқашан біздің ұйымға тікелей қайырымдылық көмек жасай аласыз.
Сіздің қатысуыңыз қыздарға сапалы білім алу ұмтылысына көмектесіп қана қоймай, оған қоса Сізге тең мүмкіндіктер мен жастардың әлеуетін дамытуға арналған маңызды қозғалыстың бөлігі болуға мүмкіншілік береді.
Фандрайзинг қалай жүреді?
Фандрайзинг біздің мақсаттарымызға сенетін және іс-шарамызды қолдауға дайын адамдар мен компаниялардың жомарттығының арқасында жүзеге асырылады. Novotel Almaty City Center және олардың жеткізушілері іс-шараның демеушілері ретінде әрекет етеді және онымен байланысты барлық шығындарды өз мойнына алады, сондықтан билеттерді сатудан түскен барлық табыс толығымен қайырымдылыққа жұмсалады.
Сондай-ақ, біздің көптеген достарымыз бен серіктестеріміз бізге кешкі аста ұсынатын және аукционға шығаратын бағалы заттар мен таңғажайып әсерді жомарттықпен сыйлады.
Іс-шара туралы
Гала-кеш 2024 жылы 6 маусымда сағат 19:00 Достық даңғылы 104а мекенжайындағы Novotel Almaty City Center -де өтеді.


Кешке сізді әйгілі аспаздар дайындаған ерекше тағамдар, қызықты ойын-сауық бағдарламасы және керемет сыйлықтар ойнатылатын аукцион күтеді.

Сонымен қатар, сіз біздің қоғамдағы өмірді жақсартатын және қызығырақ ететін адамдармен танысуға мүмкіндік аласыз.




















